Жарнама
Жарнама

Көптен күткен жаңалық – “Астананың” өз академиясы ашылмақ

03.11.2025, 14:40

Көп ұзамай “Астана” футбол клубының жекеменшік академиясы пайдаға берілмек.

Жарнама
Жарнама

Наушники Саяна телеграм арнасының мәліметінше BI Group құрылыс компаниясының ресми сайтында жаңа тұрғын үй кешені “Alem Sana” жобасы туралы ақпарат жарияланды. Онда жаңа үйлердің жанында “Астананың” футбол академиясы орналасатыны атап өтілген.

Жобаның сипаттамасында бұл нысан көпсалалы спорт кешені болатыны, ол жерде елордалық клубтың жас футболшылары дайындалатыны көрсетілген. Академия Қазақстанның жеті дүркін чемпионы және Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңдерінің қатысушысы болып саналатын клубтың болашағын қалыптастыруға бағытталмақ.

Айта кетейік, соңғы жылдары сарапшылар мен жанкүйерлер “Астана” басшылығын сынға алып келген. Себебі клуб құрылғанына 16 жыл өтсе де, өз академиясын ашуға қол жеткізбеген еді.

Алайда BI Group компаниясының таратқан ақпараты расқа айналса, елордалық команданың бұл көптен күткен жобасы ақыры жүзеге аспақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров