Жарнама
Жарнама

Көптен күткен жеңіс. Красножан бапкер алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қазақстан – Тәжікстан 2:1

13.08.2014, 02:52
Жарнама
Жарнама
Матч қазақстандық футболшылардың басымдығымен басталды. Алғашқы минуттардан есепті ашатын бірнеше мүмкінlігі болды алаң иелерінің. Алдымен сол қапталдан Логвиненконың көтерген добын Нөсербаев баспен ұрғанымен, оған дәлдік жетіспеді. Бірер минут өткеннен соң Исламхан айыпдобын қауіпті орындады. Алайда Тәжікстан қақпашысы өз орнынан табылды. Ойын біраз саябырсып қалғандай, осы бір сәтті қонақтар өз пайдасына шешіп кете жаздады. 8-ші нөмерлі Нуриддин Давроновтың жойқын соққысы қақпа бағанасынан сәл ғана қиыс кетті. 25-ші минутта Қазақстан құрамасының есеп ашатын тамаша мүмкіндігі болды. Қорғаушылар көзден таса қалдырғаннан кейін Гафуржан Сүйімбаев Тәжікстан қақпашысымен жеке шыққанымен, өз мүмкіндігін сәтті пайдалана алған жоқ. Ойын басымдығын толықтай алаң иелері өз қолына алды. Шабуыл артынан шабуыл жасағанымен, ешқайсысы нәтижелі бола қойған жоқ. 37-шы минутта «Қайрат» футболшысы Исламхан Тәжікстан қорғанысын бұзып жарып, жақын бұрыштықты дәл көздеді. Әлішер Түйісов бұл жолы әлсіз... Бүгінгі Тәжікстанға қарсы кездесу Исламхан үшін Ұлттық құрамадағы алтыншы матчы және алғашқы голын соқты. Осылайша Қазақстан құрамасының есептегі минималды басымдығымен демалысқа аттанды. Толығымен: http://prosportkz.kz/
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров