Винисиус пен Родриго бапкер Хаби Алонсоның үдесінен шығар емес.
Қос бразилиялық мадристалар сапында 10 матч өткізіп, ешқандай нәтиже көрсете алмады. Соның кесірінен “Реал” да соңғы ойындарын сәтсіз аяқтап келеді. Кеше ғана Мадрид ұжымы “Эльчемен” 2:2 есебімен тең тарқасты. Оның алдында Алонсо шәкірттері “Райоға” қарсы кездесуде гол соға алмай кетіп еді.
“Реалда” шынымен соңғы уақыттары шабуылшылар бойынша үлкен мәселе туды. Родриго мен Винисуистың сиқы мынадай болып қалды. Франко Мастантуоно жарақат алып, біраз ойынға дейін қатардан шықты. Бразилиядан аттай қалап алдыртқан Эндрик қосалқы құрам орындығын тоздырып бітті. Мбаппені қоспағанда, қалған қос форвард негізгі команда ойынына дайын емес. Осының барлығы қазірде “Реалға” таяқ болып тиіп, мүмкін ұпайларынан қағуда.
Біздің серіктес: FONBET