«Монпелье» командасының жартылай қорғаушысы Жуниор Самбиа короновирус жұқтырғаны жайлы кеше жазған едік. Ол комада жатып, енді ғана есін жиды. Футболшының денсаулығы қазір бір қалыпты. «Тоттенхэм» командасының қақпашысы Уго Льорис 2018/2019 жылғы чемпиондар лигасының финалында қолына киіп шыққан қолғабын аукционға қойды. Содан түскен қаржы коронавируспен күреске арналады. Лоттың бастапқы сомасы 850 еуро.
Белорусь біріншілігінде 6-тур ойындары өтті. 284 жанкүйер келген ойында БАТЭ «Городея» командасын 2:0 есебімен жеңді. Тәжікстан чемпионаты да тоқтайтын болды. 25-сәуір мен 10-мамыр аралығында ешқандай ойындар өтпеуі тиіс.
АПЛ 8-маусым күні біріншілікті қайта жалғастырып, 27-маусым күні аяқтап тастамақшы. Матчтарға ары кеткенде 400 адам ғана кіре алады. «Астон Вилла» командасы футболшылардың жалақысын 25 пайызға қысқартты. Алдағы 4 ай бойы осылай болады. Ал «Норвич» командасы телекөрсетілімнің жоқтығынан 35 миллион фунт стерлингтен қағылып, қиын жағдайға түсті. Бұл командаға енді үкіметтің өзі көмектесетін болды.
Зинедин Зиданның бір баласы Люка Зидан қақпашы екенін білесіздер. Ол қазір «Расинг» клубында жүр. Енді күзде ол Алжир құрамасының қақпашысы атанады. Алжир құрамасының бас бапкері Джамель Бельмади Люка Зиданмен келісімге келіп, оны күзде өтетін іріктеу матчтарына шақырды.
Ла Лиганың басшысы Хавьер Тебас Испания біріншілігі 2020-жылдың желтоқсан айына дейін көрерменсіз өтеді деп мәлімдеді. «Егер осы жылғы чемпионатты аяқтамасақ онда 1 миллиард еуро қаржыдан айырыламыз, ал жанкүйерсіз ойнап тастасақ онда 350 миллион еуродан қағыламыз» деді лига басшысы.
ПСЖ «Интерге» тағы 15 миллион еуро төлеуі тиіс. Оның басты себебі ПСЖ Мауро Икардиді «Ювентуске» сатайын деп жатыр. Егер трансфер орын алса, онда француздар «Интер» клубына осыншама қаржы аударуы тиіс. Өйткені, бұрынғы келісімде осылай көрсетілген еді.
Грекияның алпауыт клубы «Олимпиакос» төменгі дивизионға түсуі әбден ықтимал. Себебі, клуб басшысы Евангелос Маринакис 2014-2015 жылдары келісілген матчтар ұйымдастырды деген айыппен тергеуге жабылды. Маринакис мырза айыпты болып табылса «Нотингем Форест» клубы да зардап шегуі мүмкін. Себебі, ағылшынның атақты клуб да Маринакистің иелігінде.
4 мамырдан бастап Италияда карантин алынады. Демек, футбол қайта жанданады деген сөз. Бірақ, әзірге ойнауға үш қана клуб келісімін берді. Олар: «Юве», «Лацио» және «Дженоа».
Біздің серіктес: FONBET