Көрші елдің ойыншысы ҚПЛ командасымен келісімшартқа отырды

25.01.2023, 22:10

Қырғызстан ұлттық құрамасының қақпашысы Эржан Токотаев "Каспий" сапын толықтырды.

Өткен маусымды Эржан "Тұран" жейдесінде өткізген болатын. Жалпы алғанда футболшы барлық турнирлерде 26 ойын өткізді. Соның 10 матчында қақпасын құрғақ ұстады. Бұған дейін, 22-жасар Токотаев тек өз отанында өнер көрсеткен. Ол Қырғызстан ұлттық құрамасының ойыншысы. Мұнда Эржан 9 ойын өткізіп үлгерді.