Жарнама
Жарнама

Қос ойыншымыз құрамадағы мансабын аяқтады

Шыңғыс Есенаманов пен Дуглас Италияға қарсы Қазақстан жейдесіндегі соңғы ойындарын өткізді.

Жарнама
Жарнама

Осыдан 2 күн бұрын өткен Қазақстан - Италия кездесуінде пенальтилер сериясында жеңіліс тауып, Еуродан құр қалған командамыздан ардагер ойыншылар кетті. Олар - Дуглас пен Шыңғыс Есенаманов.

Жалпы 2009 жылдан бері ел намысы үшін тырысып келген Шыңғыс халықаралық деңгейде 118 ойын өткізді. Ойыншы 16 жыл бойы Қазақстан құрамасына тұрақты түрде шақыртылып келді.

Дуглас болса, ел футзалының дамуына 2014 жылдан бері үлкен үлес қосып келді. Оны Қазақстан Какау бапкер алып келген болатын. Содан бері Дуглас құрама жейдесінде 91 ойын өткізіп, 65 гол соқты. Сол арқылы түп тамыры Бразилиялық ел құрамасы тарихының үздік сұрмергені атанды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: