Асхат Тағыберген мен Александр Марочкин Қазақстан құрамасымен салтанатты түрде қоштасады.
Қазақстан - Уэльс матчы барысында ардагер ойыншыларға Федерация тарапынан естелік сыйлық табысталмақ. Одан тағысы, ертеңгі кездесуде “Астана Арена” стадионы лық толады деген нақты мәлімет бар. Осыған орай, ел құрамасына еңбегі сіңірген футболшылармен қоштасу шарасы фанаттардың қызу қолдауымен жоғары деңгейде өтетініне еш күмән жоқ.
Айта кетейік, Асхат Тағыберген ел құрамасы жейдесінде 2014 жылдан бері барлық турнирлерде 63 матч өткізіп, 3 гол соқты. Ал Александр болса, 2019 жылдан бері құрама сапында 50 матч өткізіп үлгерген.
Соңғы рет Марочкин Қазақстанның Лихтенштейнге қарсы 26 наурызда өткен кездесуде гол соққан болатын. Ал Тағыберген Солтүстік Македонияға қарсы 9 маусымда өткен кездесудің үздігі атанды. Содан бері қос ойыншы құрамада ойын өткізбеді.
Біздің серіктес: FONBET