Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Чеферинмен кездесу барысында Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға беріп, алғыс айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанда қазір 1 миллионнан астам адамның футболмен шұғылданатынын тілге тиек етті.
Айта кетейік, соңғы статистикалық деректерге сүйенсек, жалпы спортпен айналысатын қазақстандықтардың 13 пайызы футболмен әуестенеді екен.
Мемлекет басшысы жиында қазақстандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастырып, клуб менеджментін дамытудың маңызына назар аударды. Президент УЕФА-мен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асырудағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Осы реттегі бірлескен жобалар мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруға септеседі. Өз кезегінде Александер Чеферин кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін алға тартты. Сондай-ақ UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыстың барын тілге тиек етті.
Кездесу соңында ҚР президенті Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Біздің серіктес: FONBET