Футболдан Қазақстан бірінші лигасының 17-туры турнир көшбасшылары үшін сәтсіз болды. Көшбасындағы клубтардың барлығы да қарсыластарына ұпай сыйлауға мәжбүр болды.
Біріншілік регламентіне байланысты бұл турда турнирдің көшін бастаған «Сұңқар» демалуға мүмкіндік алған. Бірақ Қаскелең командасының демалысын бәсекелестері тиімді пайдалана алған жоқ. Көкшетаудың «Оқжетпесі» сырт алаңында «Астана-64» командасымен тең ойнап, екінші орында қалса, өз алаңында «Қызылжардан» 0:2 есебімен ұтылған Теміртаудың «Болаты» — үшінші орында. Төртінші орындағы «Іле-Сәулет» пен бесінші орындағы «Ақбұлақ» та бұл күні жеңістің дәмін тата алмады.
17-турдың нәтижелері:
«Ақбұлақ» (Алматы) — «Гефест» (Қарағанды) – 1:1;
«Ақжайық» (Орал) — «Каспий» (Ақтау) – 2:0;
«Ақтөбе-Жас» — «Іле-Сәулет» (Алматы) – 1:1;
«Екібастұз» — ЦСКА (Алматы) – 4:0;
«Спартак» (Семей) — «Цесна» (Алматы) – 2:0;
«Астана-1964» — «Оқжетпес» (Көкшетау) – 0:0;
«Болат АМТ» (Теміртау) — «Қызылжар» – 0:2.
Автор: Арсен Жанаділ