Жарнама
Жарнама

Көшбасшылар тартысқа түскен күн

Бүгін, 4 шілде Бірінші лиганың 12-тур кездесулері өтеді. Ойын күнінде турнирдің фавориттері бақ сынасады. 

Жарнама
Жарнама

“Хан-Тәңірі” - “Ертіс”

Уақыты: 17:00

Стадион: "Хан-Тәңірі" (Алматы)

Сағат 17:00-де жоспарланған бірінші кездесуде “Хан-Тәңірі” лиганың үздігі “Ертіспен” кім мықтыны анықтайды. Аталмыш ойынға алматылықтар капитан Ілияс Әмірсеитовтың бастауынсыз алаңға шығады. Себебі, тәжірибелі ойыншы осыдан бірер күн бұрын “Қайсарға” жоғарылап кеткен болатын. Команда бұған дейінде өз алаңында чемпионатта сәтті өнер көрсетіп келе жатқан “Алтайды” қабылдап, 0:1 есебімен ұтылған болатын. Бүгінгі кездесуде оңайға соқпасы анық. Осы жазғы трансферлік ауысымда Тараздық жігіттермен жасақталған “Ертіс” кәдімгідей құрамын күшейтті. Атап айтсақ, Асқар Сатышев, Әбинұр Нұрымбет және Темірлан Төребек өз командасының ажырамас бір бөлігі еді. Алайда “Ертіс” өзінің айқын мақсатының арқасында осындай футболшыларды клубқа тарта алды. Кездесудегі нақты фаворит ол әрине - павлодарлық ұжымы. Бүгінгі текетіресте Ертіс минималды есеппен жеңуі мүмкін. Неге десеңіздер, “Хан-Тәңірі” өз алаңында фавориттерге өткізген ойындарын 0:1 есебімен аяқтап отырған. 

“Каспий” - “Қайрат Ж”

Уақыты: 18:30

Стадион: "Жастар" (Ақтау)

Лиганың тағы бір көшбасшысы ақтаулық “Каспий” өз алаңында “Қайрат Жастарын” қонақ қылады. Руслан Эсатов шәкірттері үшін бұл кезекті 3 ұпайды еншілеуге мүмкіндік. Оның үстіне үздік сұрмерген Мирас Тұрлыбектің (10 гол) ойыны жүріп тұрғанда, “Каспидің” шабуылынды еш мәселе жоқ. “Жастар” стадионында қолдаудың әрқашанда жақсы болуы бүгінгі ойында алаң иелері үшін қосымша күш. Бұған дәлел, “Каспий” Ақтауда өткен 5 ойынның 4 айқын жеңіске жеткен. Тек Масудовтың “Алтайына” келгенде ғана, 1:2 есебімен есе жіберіп қойды. Сол жеңілістен кейін команда тез есін жиып, қатарынан 6 ойында ұпайдан шашау шығармады. Бүгінде еш тосынсыйсыз матчтың куәсі болу керекпіз. 

“Тараз” - “Шахтер”

Уақыты: 19:00

Стадион: Орталық (Тараз)

“Тараз” - “Шахтер” турдың ең қызыққа толы кездесуі. Қос команда жеңіс үшін Жамбыл жерінде аянып қалмайды. Бірі лидерлік позицияға жақындау үшін. Енді бірі жанкүйерлерін көптен күткен жеңіспен қуанту үшін барын салмақ. Алаң иелері “Тараз” соңғы рет 3 ұпайға сәуір айында бірақ қол жеткізген.   Онсызда сынның астында жүрген ұжым бүгінгі ойында жеңілсе, тіптен өз жағдайын қиындатып алады. Алайда қарсылас -  Түркістан емес. Қарағандылық “Шахтер” “Таразға” тек 3 ұпайды еншілеу үшін келді. Команда осы трансферлік ауысымда жас талант Әлихан Исраилов пен бір жылда екі клубта ойнауды әдетке айналдырған Тимур Рудосельскиді қатарына қосты. Бірақ трансфер кезенінде “Таразда” құр қалмады. Оңтүстік ұжым кезінде Премьер-лигада мол тәжірибе жинаған Мақсат Әмірханов пен Жалғас Жақсылықовты шақыртты. Онымен қоса, “Астанамен” Қазақстан чемпионы атанған Олжас Әділ мен клуб түлегі Азамат Еркінбекте “Тараз” жейдесін киді. Аталған ойыншылар жеңісті ауадай қажет еткен кездесуде дебют жасайды деп күтілуде. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров