Жарнама
Жарнама

Косово чемпионы Қазақстандық футболшыға назар аударды

Бүгін, 10:25

21 жасар Нұралы Жақсылыққа Косоводағы басты клубтардың бірі ресми түрде қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Aman VIBE телеграм арнасының мәліметінше ел чемпионы "Балкани" футбол клубы 21 жастағы шабуылшыға ұсыныс жасаған.

Елордалық "Астана" клубында өнер көрсететін Нұралы Жақсылық биылғы маусымда тұрақты өсуін және одан әрі дамуға деген әлеуетін көрсетті.

2025 жылғы Қазақстан Премьер лигасында ол елордалық клуб сапында 15 матч өткізіп, қарсыластар қақпасына 3 гол соқты.

Футболшының "Астанамен" келісімшарты желтоқсан айының соңында аяқталады. Бұл жағдай оған басқа клубтармен еркін келіссөздер жүргізуге мүмкіндік беріп отыр

Нұралыға ұсыныс жасаған "Балкани" клубы – Косово чемпионатының қазіргі чемпионы және биылғы маусымда да әзірге 15 турдан кейін клуб 1-ші орында тұр.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров