Қостанайлық "Тобыл" Өзбекстандық шабуылшы Шохбоз Умаровпен қоштасатынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.
26 жастағы футболшы мансабын өз отанында Өзбекстанда жалғастыратын болды.
Ташкентке оралу
Өзбекстан құрамасының ойыншысы Ташкенттің "Бунёдкор” клубымен толыққанды келісімшартқа отырды. Енді Умаров Өзбекстан чемпионатында бақ сынайды.
Қазақстандағы көрсеткіштері
Шохбоз Умаров Қостанайлық ұжымға өткен жылы Түркістандық "Тұраннан” ауысып келген болатын.
Ол "Тобыл" сапында 5 матч қана өткізді. Жалпы маусымда 15 кездесуге қатысып, 1 гол соқты және Қазақстан Премьер лигасының қола жүлдегері атанды.
Қазақстанда Умаров “Тұран” және “Тобылдан” бөлек “Ордабасының” да намысын қорғаған.
Біздің серіктес: FONBET