Батыс ұжымының бас бапкері атанған Николай Костов көмекші таңдауда қатты қателескен сынайлы.
Бүгін “Ақтөбе” командасы қатарынан екінші кездесуін жеңіліс нәтижесімен аяқтады. Костов шәкірттері “Қайратқа” қарсы 1:0 ойынынан кейін араға бір апта салып, жезқазғандық “Ұлытауға” 2:1 есебімен есе жіберді.
“Ақ-қызылдардың” жанкүйерлері команда ойынында ешқандай оң өзгерістің орын алмай жатқанына қатты қынжылуда. Осы маусымда 3 бапкер ауыстырған “Ақтөбе” биылғы жылы жүлдесіз қалуы ғажап емес. Чемпионаттағы жағдайды реттеймін деп келген жаңа бапкер Костовта күтпеген нәтиже тіркеп, команданы одан сайын сынға қалдырды…
Болгар маманы Костовтың өз бетінше “Ақтөбе” ойынын өзгертуге шамасы жоқ. Себебі, ол бас басқа ұжымдарда бапкер болған кезде оның ойын тактикасын украин азаматы Кирилл Нестеренко қойып беріп отырған. Соған еті үйренген Николай жалғыз қалған сәттең бері тәуекел етуден аулақ болып жүр. Оның қазіргі көмекшісі Михаил Цоковта Костовтан асып сөйлей алмайды. Өйткені 38 жастағы маман өмір бақи ассистент болып келген. Оның бас бапкер ретінде өткізген бірде-бір ойыны жоқ. Осыдан кейін Цоковтан Николай не сұрайды? Оның үстіне бұл екі азаматтың таныс болғанына ұзақта болмаған. Екеуі “Спартак” Варна ұжымында 4 кездесу өткізген. Сөйтіп жүріп, Костов пен Цоков "Ақтөбеден" бірақ шықты. Ал оған дейін 2016 жылдан бастап Николайдың сенімді серігі ретінде Кирилл Нестеренко болды. Футболда қызмет етіп жүрген мамандар бірігіп жүріп, “Шахтер” және “Каспий” клубтарында бақтарын сынап қайтты. Сол кезде қазақстандық ұжымдардың ойынын Костовқа Кирилл құрастырып берген. Соңғы екі жылда Николай мен Нестеренконың арасында не болғаны түсініксіз, бапкерлік тандемнің жолдары екіге айырылды. Бұған дейін көмекші болған Кирилл қазірде өз отанында “Александрия” ұжымын баптауға кірісті. Алайда украиндық команданың чемпионаттағы көрсеткіші Нестеренко келуімен мүлдем төмендеп кетті. 5 турда тек 3 ұпай жинаған “Александрия” турнир кестесінің ұшу аймағында келеді. Одан тағысы, команда биылғы маусымда еурокубоксіз қалды.
Осы орайда, бір-бірінсіз күнелте алмай жүрген бапкерлік дуеттің қайта қосылуына не кедергі екен? Кирилл бас бапкерлік қызметін әзірге тоқтатып, Николайға қайта көмекке келсе, “Ақтөбенің” ойыны жүріп кетерме еді…
Біздің серіктес: FONBET