Анлиялық "Ливерпульдің" жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньо Чемпиондар лигасы аясында мәскеулік "Спартакпен" болған ойыннан кейінгі әсерімен бөлісті. Ойын Ресейдің астанасы Мәскеуде өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Ойынның 23-минутында Фернандо алаң иелерін есепте алға шығарса, араға 6 минут салып Коутиньо Маненің пасынан соң есепті теңестірген болатын.
"Біз "Спартакқа" қарсы қатты дайындалдық. Бізге бұл ұжымның ойын өрнегінің үзінділерін көрсетті. "Спартак" - осал команда емес. Алайда біз гол соғатын көп мүмкіндіктерді мүлт жібердік. Сондықтан тең ойынға қанағаттанбаймыз" - деп қорытындылады Коутиньо.
Руслан Мералиев
Біздің серіктес: FONBET