Жарнама
Жарнама

ҚПЛ 13-тур ойындарын 37 478 көрермен тамашалады

19.10.2025, 10:00

Қазақстан Премьер лигасының 13-турындағы жеті матчқа барлығы 37 478 жанкүйер келді. 

Жарнама
Жарнама

KazFootball.kz мәліметінше ең көп жанкүйер жиналған кездесу — "Ақтөбе” мен «Астана» арасындағы ойын (0:1). Оны 12 400 адам стадионнан тамашалаған. 

Ал ең аз көрермен келген матч Жезқазғанда өткен. — "Ұлытау” мен "Қайсар” арасындағы ойынға бар болғаны 1 500 адам жиналды.

Маусым басынан бері Премьер лига матчтарына жалпы 812 957 жанкүйер келген. Бұл — әр матчқа орта есеппен 4 810 көрерменнен келеді деген сөз.

13-тур ойындарының көрермендер статистикасы:

  1. "Ақтөбе" – "Астана” (0:1) — 12 400 көрермен
  2. "Қайрат" – "Қызылжар" (1:0) — 6 378
  3. "Елімай" – "Тұран” (2:1) — 6 000
    4–5. "Жеңіс” – "Атырау" (2:0) — 4 000
    4–5. "Тобыл" – "Жетісу" (2:1) — 4 000
  4. "Оқжетпес” – "Ордабасы” (0:1) — 3 200
  5. "Ұлытау" – "Қайсар" (1:1) — 1 500

Ал бүгін ҚПЛ-дің 24-турының орталық ойыны өтеді. Сағат 17:00-де “Астана Аренада” “Астана” “Ақтөбені” қабылдайды.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров