Белгілі бапкер Болат Есмағамбетов ҚПЛ-2025-тің жеңімпазына байланысты пікірімен бөлісті.
Танымал маман «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында «Тобыл» мен «Астана» және «Қайраттың» мүмкіндіктерін бағалап, болжамын айтқан болатын.
«Бұл жерде енді чемпионаттың соңғы бөлігі қалды. Чемпиондыққа таласта осыған дейін үш команда келе жатқан. Өткенде «Тобыл» осы таластағы позициясын құртып алды. Күтпеген жерден премьер-лиганың ең соңғы орнындағы командадан ұтылып қалды. Енді келесі турда қостанайлықтар «Астананы» қабылдайды. Егер «Тобыл» сол ойында да жеңіліп жатса, чемпиондық таласта екі-ақ команда қалуы ықтимал. Ол әрине, «Қайрат» пен «Астана», - деді Б. Есағамбетов.
ҚПЛ-дің 23 турынан кейін алматылық «Қайрат» көш бастады. Екінші орында «Астана», ал үздік үштікті «Тобыл» түйіндеуде.
Біздің серіктес: FONBET