Жарнама
Жарнама

ҚПЛ-2025-те сарапшылар қай команданың ойынын ең үздік деп таниды?

25.10.2025, 14:38

Белгілі бапкер Алмас Құлшынбаев биылғы премьер-лиганың деңгейі мен командалардың ойынын бағалап, пікірін айтты.

"Астана" - "Қайрат" кездесуі
Жарнама
Жарнама

«Биылғы Қазақстан чемпионатында алғашқы үштіктегі команданың ойыны жаман емес. «Қайрат» футболшылары мен ойын мәнері, стилі мен тактикасы  жөнінен жақсы өнер көрсетуде. Одан кейін «Астана» әрине, біздің отандық футболдың мойындалған көшбасшысы. Олар да маусымды бір деммен өткізіп жатқан жоқ, біраз ақсаған кезеңдері болған, тек сол чемпионаттың аяғына қарай қарқын алды. «Тобыл» да бекер үздік үштік қатарында жүрген жоқ. Жалпы осы үшеуін ерекше айтуға болады, ал қалғандарының деңгейі шамалас. Футболшыларының аты мен легионерлерінің деңгейі жағынан келгенде сондай-ақ, «Елімай» мен «Ақтөбеге» жеке тоқталуға болады. Одан кейін тек отандық футболшыларға сенім артқан «Қайсар» бар. Олар биылға жүктелген тапсырманы орындады деп ойлаймын – премьер-лигадағы орнын тек қазақстандық ойыншылармен сақтап қала алды. Бұл болашаққа өте игі тәжірибе деп есептеймін, біз мұны ары қарай қолдауымыз керек. Легионерлерге байланысты командалардың деңгейінде кішігірім айырмашылық болған шығар, бірақ көңілден шыққан ерекше бір команда болмады. Тек сол алғашқы үштіктегі клуб өзінің ойынымен, футболшыларының деңгейімен қазір өздеріне лайықты сатыға жайғасуда», - деді танымал маман «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.      

ҚПЛ-де соңғы тур алдында «Қайрат» 58 ұпаймен көш бастауда. Екінші орындағы «Астананың» қоржынында 56 ұпай. Үздік үштікті қостанайдың «Тобылы» түйіндеуде. Биылғы чемпиондықты «Қайрат» пен «Астана» өзара кездесуде сарапқа салады. Бұл бәсеке ертең 15:00-де басталады.    

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров