Жарнама
Жарнама

ҚПЛ-2025-те кім бас жүлдені еншілейді? Сарапшылар айқын фаворитті атады

25.10.2025, 13:45

Танымал қазақстандық маман Алмас Құлшынбаев «Аладоп.кз» сайтына сұқбат беріп, ҚПЛ-2025 бас жүлдесіне талас туралы пікірімен бөлісті.

"Тобыл" - "Астана" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Чемпиондықты «Қайрат» пен «Астана» сарапқа салуда. Бұл жерде тап басып айту қиын. Жеке өзім «Қайратқа» бүйрегім бұрады. Ал бұл жердегі ең бастысы – биылғы үштіктегі клубтардың тізгінін өзіміздің қазақстандық бапкерлердің ұстағанында. Осы дүние көңілден шығады және шын мықты жеңіске жетсе дейміз. Әйтсе де, «Қайрат» түлегі ретінде алматылықтардың топ жарғанын қалаймын. «Қайратқа» соңғы турда тең нәтиже де жеткілікті, алайда, тең ойнаймын деп алаңға шығу өте қауіпті. Меніңше, алматылық команда тек қана жеңіс үшін ойнайды. Жалпы, айтқанда, қарсыласына қарағанда «Қайраттың» ұпай тұрғысынан басымдығы бар және соны жіберіп алмауы тиіс. Одан кейін биыл олардың қорғаныс шебі өте сауатты ойын көрсетуде, басқа да позицияларда тепе-теңдік сақталған. ҚПЛ-де ең аз гол жібергенін айтуға болады. Голдары да өзгелерге қарағанда көбірек салып жүр. Сондай-ақ, бас жүлдеден үміткер болатындай «Астананың» да өз артықшылықтары бар», - деді А. Құлшынбаев.

Соңғы тур алдында «Қайрат» 58 ұпаймен көш бастауда. Екінші орындағы «Астананың» қоржынында 56 ұпай. Соңғы турда қос команда кездеседі. Бұл бәсеке ертең 15:00-де басталады.    

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров