Жарнама
Жарнама

ҚПЛ бапкері «Қайраттың» келесі кезеңге өту мүмкіндігін бағалады

11.08.2025, 15:54

«Аладоп.кз» тілшісі «Оқжетпестің» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетовпен хабарласып, «Қайраттың» ЧЛ 3-іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуі мен алматылық клубтың жалпы теке-тірестегі мүмкіндігі жайлы ойын білген болатын.

"Қайрат" - Слован" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, ҚПЛ чемпионы ертең түн ауғанда «Слован» командасымен шеберлік байқасады. Алматыдағы бірінші кездесу алаң иелерінің басымдығымен аяқталған 1:0.

 - «Қайраттың» «Слованға» қарсы кездесуін тамашаладыңыз ба? Алматылықтардың мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

-  Иә, ойынды көрдік. Меніңше, шанс бар, әрине. Бұл жұпта әлі ештеңе шешілген жоқ. Сондықтан, «Қайратқа» жанкүйер болайық. Сәттілік тілейміз. Енді «Слованның» да осал команда емес екені көрініп тұр. Сондықтан, Братиславада қиын ойын болады деп ойлаймын. Бір жерден словакиялық жанкүйерлердің «Қайратқа» қарсы матчтың атмосферасын қиындатып жібереміз дегенін оқып қалдым. Жігіттерге оңай соқпайын деп тұр. Бірақ, сеніммен қарайық, командамызға үміт артамыз. Ары қарай өтсін деп тілейік, бірақ оңай болмайды. Меніңше, командалардың мүмкіндігі 50 де 50.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров