Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің кезектен тыс отырысы өтіп, отандық футболда маңызды өзгерістер қабылданды.
Отырыстың күн тәртібіне Қазақстан Премьер лигасы мен Бірінші лига регламенттеріне 2025 жылғы маусымға арналған түзетулер, футзал чемпионаттарының регламентін бекіту, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы жарыстарды ұйымдастыру құқығын беру мәселелері енгізілді.
ҚФФ мәліметінше, 2026 жылдан бастап Премьер лигада клубтар саны 16-ға дейін көбейеді. Осыған байланысты жаңа маусымда төмендегі ережелер күшіне енеді:
Бұл өзгерістер Бірінші лига регламентінде де бекітілді.
Отырыста U-13, U-15, U-17, U-19 жас ерекшеліктері бойынша футзал чемпионаттарының 2025–2026 жылдардағы өзгерістер де бекітілді. Сондай-ақ, 2025 жылы университеттер арасында Қазақстандық қыздар футзал лигасын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
ҚФФ корпоративтік қоры "Қазақстан жасөспірімдер футбол лигасы – Freedom” енді 2026–2028 жылдары Қазақстан чемпионаттарын ұйымдастырады. Бұл чемпионаттарға ұлдар арасында U15, U16, U17, U18 және қыздар арасында U17 жас санаттары кіреді.
ҚПЛ-дың кеңеюі клубтар арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, жастарға үлкен мүмкіндік бермек. Ал футзал мен қыздар футболына ерекше көңіл бөлінуі – спорттың барлық бағыттарын дамытуға бағытталған стратегиялық қадам.
Біздің серіктес: FONBET