Жарнама
Жарнама

ҚПЛ-да тағы бір бас бапкер орнын босатты. Келесі кім, Смақов па?

12.05.2025, 16:40

Бізге келіп жеткен инсайдтық ақпаратқа сенсек, «Жеңістің» бас бапкері Акис Вавалис қызметінен кетті.

Акис Вавалис
Жарнама
Жарнама

Шамасы, елордалық клуб басшылығына команданың маусым басындағы нәтижелері ұнамаған көрінеді. «Жеңіс» осылайша грекиялық маманмен келісімшартты үзуге шешім қабылдапты. 

Акис Вавалис осыған дейін Косово чемпионатының өкілі «Дрита» клубын жаттықтырған. 38-жастағы грекиялық маман бапкерлік жолын 2011-жылы бастады - «Пансеррайкос» ФК бас бапкері нің көмекшісі болған (Грекия Суперлигасы). Сондай-ақ, бас бапкер ретінде швециялық «Вассалундс» пен болгариялық «Крумовград» ұжымдарында жұмыс істегені мәлім. Дереккөздің мәліметіне сай, «Жеңіс» қазір бас бапкер іздеуде. 

Айта кетейік, «Жеңіс» ҚПЛ-2025-те 8 турдан кейін 10-орынға жайғасқан. Команда қоржынында 5 ұпай. Елордалық ұжым соңғы төрт ойында 3 рет жеңіліп, бір рет тең ойнаған. Соңғы турда өткен демалыста Акис Вавалис шәкірттері «Қайраттан» 1:2 есебімен ұтылған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров