Жарнама
Жарнама

ҚПЛ-де доп тепкен футболшы Африка Кубогының чемпионы атануға жақын

11.01.2026, 08:49

Қарағандылық “Шахтердің” бұрынғы шабуылшысы Африка Кубогының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Нигерия Алжирді жарыстан шығарды

Африка Кубогының ширек финалында Нигерия құрамасы Алжирмен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осы жеңістен кейін Нигерия жартылай финалға шығып отыр. 

Нигерияның құрамында кезінде Қарағанды аспанында доп тепкен Мохамед Усман бар.

Қарағандыдан Мароккоға 

31 жастағы Мохамед Усман 2020 жылғы маусымда “Шахтер” сапында тер төккен болатын. Ол ҚПЛ-дн 18 матч өткізіп, 1 гол соққан.

Әзірге Усман бұл жолғы құрлық Кубогында әлі алаңға шыққан жоқ, бірақ құраманың бір бөлшегі ретінде жартылай финалға қадам басты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров