«Ақтөбе» ресми түрде жекешелендіру процесіне көшті. Ақтөбелік клубтың бағасы белгіленіп, бүгіннен бастап бәссауға шықты.
Бұл туралы облыстың құзырлы органдары мәлімдеді.
«Ақтөбе» клубы жекешелендірілетін мекемелер тізіміне 2020-жылы кіргізілген. Биыл клуб бағалаудан өтті, құны 364 млн 352 мың теңге болды. Бұл сома бүгінгі бәссаудадағы алғашқы баға болып белгіленбек. Хабарландыруды 15 күнге жариялайды. Бәссаудаға кез-келген ерікті қатыса алады», - деді жағдайға түсініктеме беріп Ақтөбе облысы қаржы басқармасының басшысы Ерік Тұрсынғалиев.
Айта кетейік, биыл Қазақстанда «Ақтөбеден» бөлек тағы бірқатар клуб жекеге өтті. Осы қатарда «Қызыл-Жар», «Шахтер», «Елімай» мен «Қайсарды» айтуға болады. «Жеңіс» пен тағы бірнеше команда үдеріс үстінде.
Біздің серіктес: FONBET