Жарнама
Жарнама

«ҚПЛ-дің деңгейі түсіп кеткен...» Отандық жаттықтырушы премьер-лиганы сынға алды?

13.11.2025, 12:29

Көкшетаулық «Оқжетпестің» бұрынғы бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов премьер-лиганы қортындылап, ҚПЛ-дің деңгейін бағалады.

"Ақтөбе" - "Астана" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, белгілі маман биылғы турнирде көңілінен шыққан команданы да айтқан болатын. 

«Біздің чемпионатта көбісі қарымта шабуылға иек артады. Қорғанысқа көбірек көңіл бөледі. ҚПЛ-дегі командалардың 80 пайызы солай ойнайтын шығар. Бірақ, «Жеңістің» ойыны, допты ұстауы, бақылауы керемет! Благоевтен кейін Қазақстанда ондай ойын болған жоқ. Жеке өзім ондайды әлі көрмедім. Сол үшін осы команда ұнады, бапкерінің ұстанымы да көңілден шығады. Меніңше, биыл ҚПЛ-дің деңгейі біраз түсіп кеткен сияқты. Неге олай екенін білмедім, бірақ алдыңғы жылдармен салыстырғанда алдыға жылжымағандаймыз», - деді Қ. Нұрдәулетов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында. 

«Жеңіс» ҚПЛ-2025-те 36 ұпаймен 6-орын алды. Елордалық клуб 26 матчтың 8-ін ұтып, 12-ін тең аяқтап, тағы 6 кездесуде жеңіліс тапқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров