Қазақстан Премьер лигасының 2025 жылғы маусымындағы ең тәжірибелі футболшысы, Беларусь құрамасының бұрынғы көшбасшысы Игорь Стасевичке Еуропалық клубтар тарапынан қызығушылық артуда, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл туралы футбол агенті Алексей Щелупанов мәлімдеді. Агенттің айтуынша, қазіргі таңда Германия мен Польша клубтарынан нақты ұсыныстар бар.
"Стасевич үшін бірнеше Eуропалық ұсыныс дайындап қойдым. Бірақ Игорь Николаевич — өзін толықтай дәлелдеген, тәжірибелі тұлға, ол көптен бері агенттердің көмегіне мұқтаж емес. Таңдауды өзі жасайды. Егер ол қажет деп тапса, мендегі ұсыныстарды қарастыруға дайын.” — дейді Алексей Щелупанов Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.
40 жастағы ардагер футболшы Қазақстанда 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол екі клубтың намысын қорғады:
Жалпы алғанда, ҚПЛ аясында 68 матчқа қатысып, 8 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді. Стасевич жасына қарамастан, жоғары деңгейде ойын көрсете алатынын дәлелдеп, көптеген клубтардың назарына ілігіп отыр.
Біздің серіктес: FONBET