Жарнама
Жарнама

ҚПЛ-дің жаңа жұлдызы? «Жеңіс» жейдесін Финляндия біріншілігінің үздік футболшысы киді

02.05.2025, 13:29

Астаналық «Жеңіс» испаниялық Мигель Анхель Хунко Мартинеспен келісімге келді.

"Жеңіс" ФК футболшылары
Жарнама
Жарнама

Бұл туралы Sports.kz мәлімдеген болатын.

Мартинес испаниялық «Райо Кантабрия» командасының түлегі саналады. 32 жастағы шабуылшы «Альмудевар», «Сариньена», «Туделано», «Марино Луано», «Херес Депортиво» және «Химнастика Сеговиана» клубтарының намысын қорғаған. Сондай-ақ, испаниялық футболшы Камбоджа чемпионатында доп тепкен. Онда Мартинес «Свайриенге» ұжымының намысын қорғады. Бұдан бөлек Малайзия және Финляндия біріншілігінде өнер көрсетті. Финляндияның «КТП» командасымен сол жақтың жоғары дивизионға жолдама алған болатын. 2022-жылғы маусымда Мартинес үздік сұрмерген әрі үздік ойыншы атанды.

«Жеңіс» премьер-лиганың 6 турынан кейін 5 ұпаймен 10-сатыға жайғасқан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров