Жарнама
Жарнама

ҚПЛ клубтары қарызға батты – “Ақтөбе” мен “Қайсар” үлкен даудың алдында тұр

15.04.2026, 10:40

Қазақстан футболында тағы да қаржылық даудың шеті қылтиды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Дереккөздердің хабарлауынша, “Ақтөбе” & “Қайскр” қысқы оқу-жаттығу жиындарының ақысын әлі күнге дейін төлемеген. Қарыз мөлшері миллиондаған теңгені құрайды.

“ЖаркOFF” телеграм арнасы таратқан мәліметке сенсек, “Ақтөбе” клубы ұйымдастырушыларға 390 мың еуро қарыз. Ал Қызылорданың “Қайсары” 120 мың еуро көлеміндегі шотты әлі жаппаған. Ең сорақысы — екі ұжым да бұл берешекті өтеуге асығар емес.

Жақында ғана желіде “Ақтөбе” клубының бухгалтері команда тұрақтайтын елордалық қонақүйдің ақысын төлеуде қателік жіберіп, жұмыстан кетіпті” деген ақпарат тараған болатын. Алайда, соңғы мәліметтер бұл қауесетті жоққа шығарды. Мәселе мамандардың қателігінде емес, клуб кассасында ақшаның мүлдем болмауында. Клубтан ешкім де жұмыстан қуылмаған, бәрі өз орнында. Қаржы тапшылығы тек қонақүй мен жаттығу жиындарына ғана емес, футболшылардың трансферіне де әсер ете бастаған.

Мәлімет бойынша, жақын арада “Ақтөбеге” Украина тарапынан үлкен "сәлемдеме” келуі тиіс. Бұл — трансферлік қарыздарға байланысты сот талаптары немесе ФИФА тарапынан болатын санкциялар болуы әбден мүмкін.

Клубтардың айналасындағы қаржылық шиеленіс тек жаттығу жиындарымен шектелмейтін сияқты. Егер берешек уақытында жабылмаса, клубқа трансферлік бан салынуы ғажап емес.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров