Алматылық “Қайрат” Оңтүстік Америкалық шабуылшы Хуан Боселлиге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ресейлік “Пари НН” клубының 26 жастағы ойыншысы Хуан Боселлидің болашағы әлі де белгісіз. Championat.com басылымының хабарлауынша, ойыншыға үміткерлердің қатарында Алматылық “Қайрат” та бар.
“Краснодармен” келіссөз неге тоқтады?
Боселлиге басты үміткер ретінде Ресейлік “Краснодар” саналған болатын. Екі клуб арасында келіссөздер жүріп, тіпті ойыншы алмасу (Александр Кокшаровпен) мүмкіндігі де қаралды. Алайда, соңғы мәліметтер бойынша, Быктар бұл мәміледен бас тартқан.
Оған екі себеп бар:
“Қайрат” және басқа үміткерлер
Дереккөздің мәліметінше Боселлиге деген қызығушылық тек “Краснодар” тарапынан болған жоқ. Бұған дейін Мәскеулік “ЦСКА”-ның аты аталса, ендігі кезекте Алматылық “Қайраттың” да бұл трансферге қатысты кеңес жүргізгені белгілі болды.
Қазіргі уақытта “Қайрат” пен “Пари НН” арасындағы келіссөздердің қай деңгейде екені нақты емес. Дегенмен, Ресей клубының бас директоры Виталий Карасев Уругвайлық футболшының қысқы трансферлік терезеде командадан кетуі әлі де мүмкін екенін растап отыр.
Қазіргі жағдай
Хуан Боселли қазіргі уақытта “Пари НН” сапында оқу-жаттығу жиындарында жүр және жолдастық кездесулерге қатысып жатыр. Қызықтысы, команда бапкері Алексей Шпилевскийдің оны жібергісі келмейтіні де айтылуда.
Егер “Қайрат” тарапы тиімді ұсыныс жасаса, Уругвайлық легионер жақын арада Қазақстан чемпионатынан көрінуі ғажап емес.
Біздің серіктес: FONBET