Жарнама
Жарнама

ҚПЛ клубын алпауыт құрылыс холдингі иеленбек

Бүгін, 19:42

"ВД Строй-Инжиниринг" құрылыс холдингі елордалық "Астананы" алуға жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.

Еркін Оқасов
Жарнама
Жарнама

AmanVibe мәләметінше, сатып алушы қазірдің өзінде футбол клубына толық аудиторлық тексеру жүргізіп жатыр. Бұл – келісімшарттың дайындық кезеңі басталғанының айқын белгісі.

2004 жылы іргесі қаланған бұл холдинг Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жобаларымен танымал. Олардың қоржынында:

– Қызылордадағы заманауи стадион

– Астана мен Түркістандағы ипподромдар

– Алматыдағы аты аңызға айналған "Медеу” мұзайдынын қайта жөндеу

– Алматыдағы жаңа футбол аренасының құрылысы т.с.с бар.

2025 жылдың желтоқсанынан бастап "ВД Строй-Инжиниринг" ЖШС-нің бақылау кеңесін Еркін Оқасов басқарып келеді. Оның есімі спорт сүйер қауымға жақсы таныс, себебі ол Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметін де қатар атқаруда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров