Жарнама
Жарнама

КПЛ клубының футболшысы әскерге кетеді

10.04.2025, 11:30

«Қызылжар» клубының жартылай қорғаушысы Мәди Жақыпбаевты Қазақстан Республикасының әскери комиссариатының қызметкерлері ұстап әкетіп, тұрғылықты мекенжайы бойынша әскери комиссариатқа жеткізген деген ақпарат тарауда.

Мәди Жақыпбаев
Жарнама
Жарнама

Қазір жер-жерде әскери борышын өтеуге жасы жеткен азаматтарды жауапкершілікке тартып, барлық талаптарға сай болса әй-шәйға қаратпай, әскер қатарына алуда. Әскери комиссариат құрығы футболшыларды да айналып өтпепті.

«Әскер күтіп тұр! Бейресми ақпаратқа сәйкес, 25 жастағы «Қызыл-Жар СК» футболшысы Мәди Жақыпбаев ұсталып, әскери комиссариатқа жеткізілді», – делінген Match KZ телеграмм-арнасының жазбасында.

Айта кетейік, петропавлдық клуб 25-жастағы жартылай қорғаушымен жылдың басында келісімге келген болатын. Дегенмен, Мәди Жақыпбаев әзірге «Қызыл-Жар» жейдесінде бірде-бір ойынға қатысып үлгерген жоқ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров