"Ақтөбе" ойыншысы Нани өзінің отандасы әрі досы Криштиану Роналдуның тарихи көрсеткішке жету мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Оның айтуынша, Роналду үшін 1000 гол белесі — тек уақыт еншісіндегі мәселе.
Пеле мен Ромариодан айырмашылығы неде?
Нани Роналдуның басты мақсаты — әрбір голы ресми түрде тіркелген алғашқы футболшы атану екенін атап өтті.
"Ол ресми құжатталған 1000 голға жеткісі келеді. Себебі Пеле немесе Ромарио сияқты аңыз ойыншылар да осындай нәтижеге жеттік деп мәлімдегенімен, олардың барлық голдары хаттамаға түспеген." — деді Нани.
"Әр голынан фильм түсіруге болады"
Нанидің пайымдауы бойынша, Роналдуның голдары тек санымен емес, сапасымен де ерекше.
"Криштианудың әрбір голын видеодан қайталап көруге болады, олар нақты дәлелдермен фильм түсіруге тұрарлық."
Нанидің айтуынша, Роналду бұл мақсатына жету үшін тіпті әлемдегі ең төменгі кәсіби лигаға баруға да дайын болар еді. Бірақ ол бұған мұқтаж емес, өйткені қазіргі деңгейінде-ақ бұл межені бағындыра алады.
Біздің серіктес: FONBET