2026 жылғы Әлем чемпионатында Қазақстан Премьер лигасының атынан өнер көрсеткен жалғыз ойыншы — "Астана" жартылай қорғаушысы Иван Башич құрамасымен бірге жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Босния және Герцеговина құрамасы АҚШ-тан жеңіліп, чемпионаттағы жорығын аяқтады. Осылайша, ҚПЛ-дің жалғыз өкілі бар команда турнирмен қоштасты.
Иван Башич турнир барысында топтық кезеңдердегі ойындарға қатысқанымен дәл осы матчта қосалқа құрамда қалды.
Осы оқиғадан кейін Иван Башич өз клубы "Астананың” қатарына қайта оралып, Қазақстан чемпионатының ойындарына дайындығын жалғастырады. Басқа қатысушылардың арасында ҚПЛ-де бұрын ойнаған футболшылар Игорь Сергеев, Жасурбек Жалолиддиновтар (т.б.) болғанымен, турнир басталған сәтте Қазақстан чемпионатының нақты ойыншысы ретінде тек Иван Башич қана болып отыр.
Біздің серіктес: FONBET