"Краснодар" - "Зенит": Нұралы Әліп негізгі құрамда

13.04.2024, 18:17

Ресей премьер-лигасының 24-турының орталық матчында  "Краснодар" мен "Зенит" жолығады. Кездесу қарсаңында командалардың негізгі құрамдары жарияланды. Питерлік клубтың негізгі құрамында Қазақстан Ұлттық құрама командасының қорғаушысы Нұралы Әліп те бар. 

Краснодар»: Сафонов, Алонсо, Оласа, Тормена, Черников, Сперцян, Батчи, Кади, Кастаньо, Кордоба, Олусегун.

«Зенит»: Кержаков, Караваев, Эракович, Нино, Әліп, Сантос, Барриос, Клаудиньо, Мостовой, Педро, Кассьерра.

Ресей премьер-лигасының 23-турынан кейін питерлік команда 44 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орынға жайғасқан. Чемпиондыққа таластағы басты бәсекелесі "Краснодар" болса 43 ұпаймен бір саты төмен орналасқан. Қос команда РПЛ-дің 15-турында кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасты. Бүгінгі матчта биылғы біріншіліктің чемпионы анықталуы мүмкін. Кездесу Мәскеу уақытымен 17:00-де басталады. Ойын "ФК Краснодар" алаңында өтпек. 

Естеріңізде болса, Нұралы Әліп "Зенитке" 2022 жылы ауысқан. Футболшы мен питерлік клубтың келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін.