Жарнама
Жарнама

Красножан қандай бапкер?

07.02.2014, 23:28
Жарнама
Жарнама
image_2_krasnyБүгін Астанадағы «Rixos President Astana» қонақүйінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының  бас бапкері тағайындалды. Бұдан былай Қазақстан ұлттық құрамасын ресейлік маман Юрий Красножан баптайтын болды. Жалпы Юрий Красножан қандай бапкер? Шынымен бізді Еуропалық футбол үлгісімен тыныстыра аладыма? Сонымен ресейлік футбол маманының жүріп өткен жолына аз-кем тоқталып өтсек. Красножан өз бапкерлік ғұмырында ең алғаш рет Нальчик қаласының «Спартак» командасын баптап,  тапжылмай 11 жыл жатықтырады және осы жерде өзінің бапкерлік негізін қалайды. Одан кейін бұл маман Ресейдің бас шаһары Мәскеулік «Локомотив» клубын уақытша 3 айдан аса баптап, клуб басшыларының көңілінен шықпағасын жылы орнынан босатылады. Ал 2011 жылы Ресейдің екінші құрамынның бас бапкері болып, командасымен 6 ойын өткізеді және оның  бесеуінде жеңіске жетсе 1 ойында тең есеп тіркеледі.  Осы жетістігінен кейін сол кезде Ресейде аты дүркіреп тұрған Махачқаланың «Анжи» командасының бас бапкері болады. Аталған клубты Красножан бар жоғы 45 күн ғана жатықтырып, бірде-бір рет командасын алаңға бастап шыға алмай кеттеді.  Бұдан кейін осы жылы ресейлік маманға Краснадорлық «Кубань» клубын баптау жүктеліп, аталған команданы 5 айға жетпейтін уақыт баптап үйреншікті әдісімен тағыда командамен қош айтысақан болатын. Ал Красножанның соңғы баптаған клубы ол Грозныйдың – «Терек» командасы. Яғни бұл клубты Красножан 2013 жылдың мамырнан қазан айна дейін бар жоғы 6 ай уақыт ғана жатықтырады. Яғни командандасын 14 рет алаңға бастап шыққан бас бапкер оның 1-інде ғана жеңіске жетіп, 6 ойында тең түсседі және 7 мәрте қарсыластарына есе жібереді. Алайда бұл көрсеткіш клуб басшыларының қойған талаптарын шықпай тағыда жатықтырушылық қызметінен тез әрі жылдам уақытта босатылған болатын. Сонымен біз не десекте Юрий Красножан мен Қазақстан футбол федерациясы арасындағы келісімшарт "2+2" жүйесі бойынша негізінде қол қойылды. Яғни, алдағы екі жылда жаңа бапкер ұлттық құрамамен алға қойылған мақсатты орындай алмаса, келісімшарт тоқтатылады. Егер осы уақытта қазақ футболшыларының ойыны көңілден шығып жатса, тағы екі жылға келісімшартты ұзартуға болады екен. Сонымен осыған дейін әр клубтың басында 6 айға жетпейтін уақыттан жүрген жеңісінен жеңілгені көп, маман енді Қазақстан құрамасын жатықтыратын болды

Нұржан ҚОҢЫРБАЙ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров