Жарнама
Жарнама

Красножан құрама тізгінін ұстай ма?

11.01.2013, 00:53
Жарнама
Жарнама

"СпортЭкспрес" сайтында бүгін "Динамо" Мәскеу командасының бас бапкері Дан Петрескудың Юрий Красножан жайлы айтқан пікірі жарық көрді. Онда белгілі бапкер өзінің әріптесінің өзі бұрын баптаған ұжымда жақсы жұмыс жасағанымен, басшыларға ұнамағандығына байланысты қызметтен кетті деп айтқан. Осы ақпарат пайда болысымен, ресейлік БАҚ өкілдері аталмыш жаттықтырушыны қазақстандық клубтардың бірін баптап қалуы әбден ықтимал дегендей қауесет таратуда. Мысалы, өткен жылы да Юрий Красножан елордалық "Астана" командасының тізгінін ұстайды деген болатын. Тура осындай бағыттағы алып-қашпа әңгімелер биыл да орын алып отырған жайы бар.

Оның үстіне "Астана" командасының Беранектің орнына бас бапкер іздеп жатқаны жайында да бізде ақпараттар кездескен. Тіпті, бейресми әңгімелерде Кросножанның Ұлттық құрама тізгінін ұстап қалуы да ғажап емес деген сыңайдағы мәселелер де жеткілікті.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров