Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ұлттық құрамадағы 111-ші голын соқты. Шабуылшы ұлттық құрамалар тарихындағы голдар саны бойынша рекорд орнатты. Ол мансабында 109 гол соққан ирандық шабуылшы Али Даеидің рекордынан асып түсті.
Роналду 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Ирландиямен болған матчта ерекшеленді. Португалиялық шабуылшы бірінші таймда тарихи гол соғуы мүмкін еді, бірақ пенальтиді пайдалана алмады. Ал бірінші таймның соңында ирландиялықтар алға шықты.
Десе де, екінші таймның қосымша уақытында 36 жастағы футболшы есепті теңестіріп еді. Тағы алты минуттан кейін дубль жасап, командасына жеңіс сыйлады.
«Жанкүйерлердің қолдауы өте маңызды. Олар бізге күш берді. Мен ұлттық құрамаға жеңіске жетуіне көмектескеніме, рекорд жаңартқаныма қуаныштымын, бірақ команда бәрінен маңызды.
Бұл менің рекордым және бұл керемет дүние. Мен өте бақыттымын, бұл менің мансабымдағы кезекті рекорд. Мен футболды ойнауды жалғастырғым келеді, сондай-ақ бұрынғы клубыммен жасалған жаңа келісім-шарт маған ерекше серпін береді.
Жанкүйерлер мен балаларыңызға ұнау үшін күн сайын алдыңызға мақсат қою өте маңызды», - деді Роналду УЕФА-ның баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET