Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду АПЛ рекордын орнатты

17.04.2022, 16:01
Португалиялық футболшы өзіне тиесілі рекордты да жаңартты.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду Премьер-лига маусымында 15+ гол соққан ең егде жастағы ойыншы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Англия чемпионатының 33-туры аясындағы ойында «Манчестер Юнайтед» «Норвич Ситиді» 3:2 есебімен ұтқан болатын. Матч барысында Роналду хет-трик жасады.

Бұл португалиялық ойыншының мансабындағы 60-шы хет-трик болды. Осылайша, Криштиану өзіне тиесілі рекордты қайта жаңартты. Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында 55 мәрте хет-трик жасаған ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси тұр.

Роналду 2021 жылдың тамызынан бері «Манчестер Юнайтедтің» намысын қорғап келеді. Ол Премьер-лиганың осы маусымында 25 ойынға қатысып, 15 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. Турнирдің үздік сұрмергендері тізімінде тек Сон Хын Мин (17 гол) мен Мохамед Салахтан (20 гол) артта қалып келеді.

32 турдан кейін «Манчестер Юнайтед» 54 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров