Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду атақты Испания клубына дубль жасады

11.08.2025, 05:40

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы жаңа маусымға дайындығын қызу жалғастыруда. Осы орайда олар Испания чемпионатының өкілімен бақылау ойынын өткізді.

Жарнама
Жарнама

Жолдастық матчта Криштиану Роналду алғашқы таймда дубль жасағанымен (17 және 39 минут, пенальти), өз командасын жеңілістен құтқара алмады. Екінші таймда «Альмерия» ұжымы жеңіс добын соғып, жеңісті тойлады.

«Альмерия» – «Әл-Наср» – 3:2

Голдар: Аррибас (6), Эмбарба (43, 61) – Роналду (17, 39 пенальти).

Енді 19 тамызда «Әл-Наср» Сауд Арабиясының Суперкубогында «Әл-Иттихадпен» кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: