Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду Дидье Дрогбаның рекордын қайталады

31.10.2021, 22:50
Португалиялық шабуылшы кешегі ойында екі голға өз үлесін қосты.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду «Тоттенхэмге» қарсы ойында ерекше жетістікке қол жеткізді.

Португалиялық шабуылшы Премьер-лигадағы бір матчта гол соғып әрі нәтижелі пас берген ең егде жастағы ойыншы атанды. Криштиану мұны 36 жас 267 күнде жасады. Осылайша, Роналду «Челсидің» бұрынғы шабуылшысы Дидье Дрогбаның рекордын жаңартты. Бір қызығы, Кот'Д Ивуар құрамасының шабуылшысы да бұл рекордты дәл осындай уақытта және «Тоттенхэмге» қарсы ойында орнатқан еді.

Еске салайық, «қызыл сойқандар» кеше «Тоттенхэмді» 3:0 есебімен жеңген еді. Аталмыш кездесуде Роналдудан бөлек, Эдинсон Кавани мен Маркус Рэшфорд көзге түсті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров