Криштиану Роналду өзінің жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, үйлену жоспарлары жайлы шын ниетін білдірді. Сұхбат барысында Португалдық шабуылшының әр сөзі жылы әзіл мен шынайылыққа толы болды.
– Үйлену тойы болып қойды ма?
Роналду: Жоқ, әлі болған жоқ. Біз оны Әлем чемпионатынан кейін, кубокпен бірге өткізуді жоспарлап отырмыз (күліп), бірақ…
– Той өтетін орынды таңдадыңыздар ма?
Роналду: Жоқ, ол жағын әлі ойластырған жоқпыз. Себебі ол (жары) ондай үлкен, даңғазалы шараларды ұната бермейді. Керісінше, тыныш, жеке ортада болғанды қалайды. Мен оның таңдауына құрметпен қараймын. Ақыр соңында, мен үшін ең маңыздысы — оның өзі.
– Ал бойдақтық кешіңіз қайда өтеді? Мен де барсам бола ма?
Роналду: Әрине!
– Керемет! Демек бұл сұхбат ресми шақыру болып есептеледі ғой?
Роналду: Қазір бәрін ұйымдастырып жүрген кім дейсіз бе? Жоау бәрін реттеп жатыр — біздің компанияның бас директоры барлық жоспарды қадағалайды. Егер сізге шақыру келсе… бір апта бойы бірге тойлаймыз деп ойлаймын!
– Ол бір аралда өтетін шығар, иә?
Роналду: Сіз енді біздің отбасының бір бөлігісіз ғой.
Морган: Рақмет, Криштиану.
Біздің серіктес: FONBET