Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду Джуниор Португалияның 15 жасқа дейінгі құрамасына шақырту алды

06.05.2025, 21:30

Криштиану Роналдудың тұңғыш ұлы – Криштиану Роналду Джуниор Португалияның 15 жасқа дейінгі ұлттық құрамасына шақырту алғаны туралы ақпарат тарады.

Жарнама
Жарнама

Роналду Джуниор 2010 жылы дүниеге келген және қазіргі уақытта әкесінің ізімен жүріп, футбол әлемінде өз атын қалыптастыруда. Ол бірнеше жыл бойы әкесінің өнер көрсеткен клубтарының академияларында ойнады. Атап айтқанда Джуниор, "Ювентус” пен "Манчестер Юнайтедтің" жастар құрамаларында өнер көрсетті. Қазіргі таңда Сауд Арабиясындағы "Аль-Насрдің" яғни әкесінің командасының академиясында жаттығуда.

Португалияның U15 құрамасына шақырту алуы — оның халықаралық деңгейдегі алғашқы қадамы. Бұл жетістік — оның бойындағы табиғи дарын мен әлеуетінің дәлелі. Ол әкесінің даңқты жолын жалғастыра ала ма, жоқ па — оны уақыт көрсетеді. Дегенмен, алғашқы басқан қадамы сәтті әрі үміт күттірерлік екені анық.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров