Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду ерекше жетістікке қол жеткізді

03.12.2021, 16:44
Шабуылшы әлемдік рекордқа жақындады.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» Англия чемпионатының 14-турында «Арсеналды» 3:2 есебімен жеңді. Бұл ойында шабуылшы Криштиану Роналду дубль жасады.

36 жастағы португалиялық үшін бұл мансабындағы 800 және 801-ші голдары болды. Ол «Манчестер Юнайтед» сапында 130 (307 ойын), «Реалда» 450 (438), «Ювентус» үшін 101 (134) және «Спортинг» жейдесінде (31) 5 гол соққан. Ал Португалия сапында 184 ойынға қатысып, 115 гол соққан.

«Бар назарымызды келесі ойынға аударамыз, тойлауға уақыт жоқ! Бүгінгі жеңіс қалыпты жағдайға оралу үшін өте маңызды болды, бірақ межелі жерге жеткенше әлі ұзақ жол бар... Барлық әріптестерімді құттықтаймын, бүгінгі көңіл-күйіміз тамаша! Жанкүйерлерімізге ерекше рахмет, олар болмаса мұны істей алмас едік», - деп жазды Роналду Instagram парақшасында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров