Криштиану Роналду ісіне қатысты шешім шықты

27.02.2024, 09:39

Жексенбіде Сауд Арабиясы чемпионатының кезекті турында Криштиану Роналдудың матч соңында дөрекілігімен көзге түскенін білесіздер. Мессидің атын айтып айқайлаған қарсылас команда жанкүйерлеріне оғаш қылық танытқан еді "Әл-Наср" капитаны. 

Енді бүгін-ертең португалиялықтың бұл қылығы бойынша жазалау шаралары жүзеге аспақ. Сауд Арабиясы футбол федерациясының тәртіптік комитеті ойыншыға қомақты көлемді айыппұл саламыз немесе екі ойынға дисквалификациялаймыз деп отыр. Болмаса осы жазаның екеуін бірақ іске асыруы да мүмкін.