Туриндік ұжым жұлдызды шабуылшыға 11 млн еуро қарыз.
Бар мәселе 2020 жылы пандемия кезінде орын алды. “Ювентус” командасы сол кезде қаржылық қиындықтарға тап болып, біршама ойыншыға жалақы төлей алмады. Сол кезде зебралар Кришқа берешекті кейінге қалдыру бойынша өтініш жасады.
2021 жылдың жазында португалдық “Манчестер Юнайтед” ұжымына қосылды. Бірақ “Ювентус” 19 млн еуро қарызын сол күйі қайтарып бермеді.
Соның нәтижесінде Роналду Турин командасын сотқа берді. Фемида өкілдері әлемге аты мәшһүр ойыншының арызын қанағаттандырды. Алайда, сот төлем мөлшерін екі есе төмен қылып, “Ювентустың” біршама шығынын азайтты. Қарызы 19 млн-нан 11 млнға дейін түскен Италия ұжымы бәрібір Криштиану арызына аппеляция жасады.
La Gazette dello Sport мәліметі бойынша сот Ювенің бұл талабын қабылдамай қойған. Ендігі кезекте команда Криш берешегімен қоса, сотқа қосымша ақы төлеуі тиіс болып қалды.
Біздің серіктес: FONBET