Лиссабонда өткен ойында Криштиану Роналдуның қос голы Португалияны жеңіске жақындатқанымен, матч 2:2 есебімен аяқталды. Қарсылас – Венгрия құрамасы.
Дегенмен, нәтиже қандай болса да, бұл кеш Роналду үшін тарихи болды. Ол өзінің әйгілі мансабында тағы бір рекорд орнатып, әлем чемпионатының іріктеу кезеңдеріндегі ең көп гол соққан ойыншы атанды.
Роналдуның алғашқы голы оған дейін бұл көрсеткіш бойынша көш бастап келген Гватемаланың бұрынғы шабуылшысы Карлос Руисті (40 гол) артта қалдырды. Ал екінші голдан кейін Португалдық супержұлдыздың көрсеткіші 41 голға жетіп, жаңа рекорд бекіді. Ол мұны 50 іріктеу матчында орындаған.
Ойынның алғашқы бөлігінде Венгрия қорғаушысы Аттила Салай 8-минутта есеп ашқан болатын. Бірақ көп ұзамай Роналду екі рет мергендік танытып, Португалияны алға шығарды. Алайда матчтың соңғы сәтінде Доминк Собослой тең есеп орнатып, Роберто Мартинес командасының ерте қуануына жол бермеді.
Осы нәтижеден кейін Португалия 4 ойында 10 ұпай жинап, өз тобында көш бастап тұр. Венгрия екінші орында — 5 ұпаймен. Португалия енді қараша айында өтетін соңғы екі матчта — Ирландия және Арменияға қарсы кездесулерде жолдаманы ресми түрде иелене алады.
Бұл екі гол Роналдудың жалпы мансаптағы жетістігін де жаңа белеске шығарды. Ол клуб пен ұлттық құрамада 948 гол соғып отыр. Тағы бір дерек Роналду қатысқан 6 әлем чемпионаты іріктеуінің 5-інде кем дегенде 5 голдан соққан.
Келер жылы өтетін 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Сол кезде Криштиану 41 жаста болады. Соған қарамастан, ол Португалияның басты жұлдызы ретінде финалдық кезеңге қатысады деп күтілуде.
Біздің серіктес: FONBET