Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду әлемдегі ең сұлу адам екенін алға тартты

Журналист Пирс Морганмен сұқбатында ол өзін экс-футболшы Дэвид Бекхэммен салыстырды.

Жарнама
Жарнама

“Аль-Наср” ойыншысы - Кришитану Роналду:

  • Әдемілік тек түр-әлпетте ғана емес. Оған дене бітімнің сұлулығы да кіреді. Бекхэмнің - келбеті әдемі. Бірақ дене бітімі - онша емес. Ал менде барлығы бар! Мен перфектомын! Мені қызыл іш киіммен Капокабано жерінде жүр деп елестетіңізші. Менімен сол кезде кімнің таныспағысы келеді дейсіз? Егерде Бекхэм екеуміз Капокабонода бірге жүрсек, елдің барлығы тек маған ғана қараушы еді. 

Бұған дейін жұлдызды футболшы Әлем чемпионаты жүлдесін жеңудегі мақсаты жоқ екендігін айтып біраз сынға қалып еді. Криро мундиаль алты-жеті матчтың турнирі, оны жеңіп алғандардың барлығын үздік деуге келмейді деп тілге тиек еткен болатын. 

Айтпақшы, 2026 жылғы Әлем чемпионатына кейін Криштиану футболдағы мансабын аяқтауы мүмкін. Журналистке берген сұқбатында ол жақын аралықта бутсасын шегелеуді ойлап жүргенін айтты. Португалдық қиын болса да, өзін психологиялық тұрғыдан осы мәселе бойынша дайындап жүр екен. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: