Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды

28.08.2021, 04:39
Трансфер құны 25 миллион еуроны құрады, ал келісім-шарт екі жылға жасалды.
Жарнама
Жарнама

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» қайтып оралды, деп хабарлайды англиялық клубтың ресми сайты. Футболшы виза алып, медициналық тексерістен өткеннен кейін клубпен келісім-шартқа отырады.

Түрлі дереккөздер «Манчестер Юнайтед» 36 жастағы португалиялық шабуылшы үшін «Ювентусқа» 25 миллион еуро ұсынды деп хабарлады, ал Роналдудың «қызыл сойқандармен» келісім-шарты 2023 жылға дейін есептелген.

Криштиануға «Манчестер Сити» мен «Пари Сен-Жермен» клубтары да көз тікті, бірақ кейінірек ойыншыға деген қызығушылық әлсіреді, ал «Манчестер Юнайтед» осы сәтті өз пайдаларына жаратты. Роналду 2003-2009 жылдар аралығында дәл осы клубтың намысын қорғаған.

Роналду 2018 жылдан бері туриндік «Ювентус» сапында өнер көрсетті. 36 жастағы шабуылшы өткен маусымда 29 голмен Италия чемпионатының үздік сұрмергені атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров