Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедтен» кететінін мәлімдеді

03.07.2022, 15:52
Шабуылшы өз қалауын клуб басшылығына жеткізген.
Жарнама
Жарнама

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» басшылығына клубтан кеткісі келетінін айтты. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, 37 жастағы португалиялық футболшы жаңа маусымда Чемпиондар лигасында ойнауды жоспарлап отыр. Бірақ «Манчестер Юнайтед» басшылғы Роналдуды АПЛ клубына сатқысы келмейді.

Айта кетейік, Криштиануға «Рома», «Спортинг», «Челси» және «Бавария» қызығушылық танытуда.

Роналду «Манчестер Юнайтедке» 2021 жылдың жазында «Ювентустан» ауысты. Команда сапында 38 кездесу өткізіп, 24 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Криштиану мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы келісім-шарт мерзімі келесі маусымның соңында аяқталады. Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 35 миллион еуроға бағалады.