Жарнама
Жарнама

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедті» Зиданның баптағанын қалайды

20.10.2021, 02:10
МЮ басшылығы Зиданмен байланысқа шыққан екен.
Жарнама
Жарнама

"Реал Мадрид" клубының экс-бапкері Зинедин Зидан Уле-Гуннар Сульшердің орнына "Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері болуы мүмкін. Клуб басшылығы франциялық маманмен байланысып үлгерген көрінеді, деп хабарлайды El Chiringuito порталы.

МЮ басшылығына Зиданның кандидатурасын "Реал Мадридте" бірге жұмыс жасаған Криштиану Роналду ұсынды. Сульшердің клубтағы тағдыры әлі белгісіз. "Қызыол сойқандар" соңғы бес матчтың біреуінде ғана жеңіске жетті.

"Манчестер Юнайтед" ертең Чемпиондар лигасында "Аталантамен" ойнайды. Матч "Олд Траффорд" стадионында өтеді және Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров