Португалия құрамасының жұлдызы Тәжікстанға екінші мәрте келмей қалды.
Душанбе командасы ертеңгі матчта Крироны асыға күтті. Алайда “Аль-Наср” командасы еш себебін айтпастан, португалдықтың Тәжікстанға келмегені жайында ақпарат таратты. Ал бұл болса, жергілікті жанкүйерлердің ашуын келтірді. Қауіпсіздік мәселесі бойынша тәжіктерден де төмен Иранға барып келіп жүрген әлем жұлдызы “Истиқлолға” келгенде ат тонып ала қашып жүргені бар. Сонау 2023 жылы да Криштиану жарақат алдым деген сылтаумен Тәжікстанға келе алмады.
Жалпы “Истиқлол” Азия чемпиондар Лигасында: “Аль-Насрдан” 5:0 (ұтылды), “Аль-Завраа” 2:1 (ұтылды), “Гоаны” 2:0 (ұтты), “Аль-Завраа” 2:1 (ұтты). Топтан шығу үшін Душанбе ұжымына ертеңгі кездесуде жеңіс керек. Роналдудың жоқтығы мүмкін “Истиқлолдың” 3 ұпай алуына жол ашар.
Біздің серіктес: FONBET